Карантинге қарамай той тойлаған облыстар

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялаған.
Агенттігінің ресми сауалына жауап берген министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын өткізу бойынша 1 110 құқық бұзушылық тіркелгенін және ең көп той, еске алу шаралары өткізген облыстарды атаған. Олардың қатарында Атырау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан мен Алматы облыстары бар.