Әжетханадан 6 жасар қыздың мәйіті табылды

Бүгін кешкі сағат 10 шамасында Атырау қаласындағы Қара Депо ықшамауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің сыртқы дәретханасынан алты жасар қыздың мәйіті табылды.
Баланың денесін 2 метр тереңдікте қазылған дәретхана шұңқырынан туыстары алып шыққан.
Үйіндегілердің айтуынша, қыз бала шамамен 19:50-де аулаға ойнауға шығып кеткен екен.

Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларды ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды қатаң ескертеді.