Суға кеткен жігіт әлі табылмады

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше, яғни 13 маусымда 27 жасар жігіт демалысын достарымен бірге Жайық өзенінің Геолог қалашығы маңындағы арнайы жабдықталмаған жағалауында өткіземін деп суға кетіп қалған.

ТЖД хабарлауынша, суға кеткен жігіттің денесін сол күні кешкі 17:10-да іздестіру басталған. Өкінішке орай, дәл осы уақытқа дейін іздестіру жұмысынан нәтиже шығар емес. Жедел құтқару жасағы іздестіруді одан әрі жалғастыруда.