Жаңалықтар
Әлеуметтік нысандардың жобасы талқыланды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен Атырау қаласында жүзеге асатын нысандардың жобасы туралы жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кездесуде компания өкілдері орталық стадион, ұлттық спорт орталығын, шығармашылықты дамыту орталығын, көпсалалы спорт кешені мен концерт залын, спорттық мектеп интернатын, медициналық нысандарды салу және мектептерді қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу…
Толығырақ »«Атырау-Ақпараттың» жаңа басшысы таныстырылды
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы «Атырау-Ақпарат» ұжымының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО atr.kz сайтына сүйене отырып. Нұрболат Елеусінов Мақсотұлы 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2013 жылы бастаған ол Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі…
Толығырақ »Құрманғазы ауданында Батыс аймақтық ақындар айтысы өтеді
23 қазан күні Құрманғазы ауданының орталығындағы С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған «Қасиетіңнен айналайын, Құрманғазым!» атты Батыс аймақтық ақындар айтысы өтеді. Жыр додасында еліміздің батыс аймақтары мен облыс аудандарынан таңдалынып алынған 8 ақын бақ…
Толығырақ »«Оян, қазақ!» режиссері алаңдаушылық білдірді
«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі жарыққа шыққалы қазақстандықтардың рухани дүниесінде серпіліс болғаны жасырын емес. Тіпті, туындының кинотеатрларда қайталанып көрсетілуін талап еткендерде есеп болмады. Бірақ фильмнің режиссері Мұрат Есжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бір нәрсеге алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды. – «Оян, қазақ», шыны керек, мұндай фурор тудырады деген үш ұйықтасақ,…
Толығырақ »ҚР ІІМ сарбаздың қазасына қатысты мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қазасына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. «Осы факті бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиға орны қаралып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айғақтар, атап айтқанда…
Толығырақ »Блогер 10 жылға сотталды
Алматыда түнгі клубта есірткімен ұсталған блогер 10 жылға сотталды,-деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияның арнайы жасағы мен ЕҚҚІҚБ жедел қызметкерлері сәуір айында Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде арнайы іс-шара жүргізген болатын. «Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның оң жақ шалбарының қалтасынан көк түсті изолентаға оралған,…
Толығырақ »Израильдегі соғыс: 124 қазақстандық елге жеткізіледі
Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сол елде жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. «Бүгін 10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124 ҚР азаматы және 42 шетелдік азамат.…
Толығырақ »«Қарақұдық-1» қорғанынан құйма алтыннан жасалған әшекей-бұйымдар табылды
Биыл тамыз айында Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылындағы «Қарақұдық-1», «Қарақұдық-2» қорғандарына қазба жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, адам сүйектері мен қабір анықталыпты. Ал қорғанның айналасындағы кейбір қабірлерден құйма алтыннан жасалған түрлі әшекей-бұйымдар табылған. Бұл туралы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мұхамбетқали Кипиев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталған екі…
Толығырақ »Көршісінің атына 6 несие рәсімдеген
Атырау облысы, Жылыой ауданының 1954 жылы туған тұрғыны жасырын шағын несие рәсімдеген және банк картасынан жасырын түрде ақша иемденген 1993 ж.т. көршісіне қатысты Жылыой аудандық полиция бөліміне арыз жазған. Аудан тұрғынының арызы азаматтық сотқа жолданған, алайда шағымданушы оған қанағаттанбай, қылмыстық іс көтеруді талап еткен. Осы іс бойынша Жылыой аудандық полиция…
Толығырақ »Атырауда 40 бірлік құлақтандыру жүйесі мен құрал-жабдықтар сатып алынады
Биыл «Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес, облыста жергілікті бюджет есебінен халықты төтенше жағдайлар кезінде құлақтандыру жүйелерімен жарақтандыруға 407 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінген. Атырау облысы ТЖД ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дастан Есбосынов облыс елді мекендерін төтенше жағдайлармен хабардар ету…
Толығырақ »