Жаңалықтар
KLPE мен ТШО келісімге қол қойды
KLPE және ТШО «Газ айыру қондырғысын» жобалау кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі талаптары бойынша келісімге қол қойды. 2020 жылы 18-тамызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Атырау облысының өндірістік кәсіпорындарына іссапармен барды. Іссапар барысында Қордың портфелдік компанияларымен жиналыс өткізіліп, Атырау облысындағы қуатты…
Толығырақ »Медқызметкерлерге 800 млн. теңгеден аса үстемақы төленді
Атырау облысында коронавирусқа қарсы күресіп жатқан денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне қосымша үстемақы ретінде шілде айында 800 миллион теңгеден астам қаржы төленген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, медицина қызметкерлеріне үстемақы әртүрлі көрсеткіште, олардың қызмет ету ортасына қарай…
Толығырақ »Экономикада әлсіздік байқалады
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биылғы жарты жылда 7,4 пайызға, ал ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. – Әлемдегі сауданың жалпылай тежелуі тұрғысында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7,4 пайызға төмендеді, – деді министр онлайн режимде халық алдында есеп…
Толығырақ »Жылына 12 миллион шабақ өсіру жоспарда
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов балық шаруашылығын дамыту мен балық қорын молайту мәселелеріне қатысты селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Аймақ әкімі Махамбет Досмұхамбетов еліміз бойынша ауланатын балықтың шамамен үштен бір бөлігі Атырау облысына тиесілі екеніне тоқталды. – Жыл басында Үкімет басшысы Асқар Маминнің өңірге жұмыс…
Толығырақ »Интернет-алаяқтар ұсталды
Атырау облысының полиция қызметкерлері 18-20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет алаяқтықпен жасалатын құқықбұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді. Шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды. Сонымен қатар, порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып Қылмыстық Кодекстің 311-бабы бойынша тергеп-тексеру…
Толығырақ »Балабақшаларда 337 кезекші топ жұмыс жасауда
Атырау облысында 67 балабақша өз жұмысын қайта бастады. Оның 54-і – мемлекеттік, қалған 13-і – жекеменшік балабақша. Бұл туралы Облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облысы Білім беру басқармасының жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, облыста жалпы саны 207 балабақша бар. Оның 67-сі ашылып өз…
Толығырақ »Шөп тиелген «КамАЗ» өртенді
Атырау облысында «КамАЗ» шөп тиелген екі тіркемесімен бірге өртеніп кетті. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-тамыз сағат 17:30 шамасында жүк көлігі екі тіркемесімен бірге өртке оранған. – Бұл оқиға Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекенінің тұсында, өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықта болған. Соған…
Толығырақ »Оқушының мектепке не киетінін ата-анасы шешеді
Оқушылардың мектепке қандай формамен келетінін ата-аналар өздері шешетін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді. – Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді…
Толығырақ »Қоршаудан өтемін деп жараланған
Кеше сағат 17:30 шамасында 1974 жылғы ер адам аяғына қоршаудың темірі кірген күйінде табылды. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады. Зардап шегуші мас күйінде Сәтбаев көшесіндегі 33-үйдің темір қоршауынан өтуге тырысқан кезде тепе-теңдігін жоғалтып, тайып кеткен. Нәтижесінде темірдің ұшы аяғын тесіп өтті. Оқиға орнына келген «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Жедел-құтқару…
Толығырақ »Дәрі бағасы бар ақпарат қағаздары ілінуде
Атырау облысының дәріханаларында дәрі-дәрмектің шекті бағасы көрсетілген ақпарат қағаздары ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін арнайы афишаларды орналастыра бастады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек бағалары көрсетілген ақпараттық материалдар өңірдегі барлық дәріханаға таратылып жатыр. – Плакаттарда парацетамол,…
Толығырақ »









