«Атыраудың» бас редакторы өзгерді

Облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы қызметіне Назарбек Қосшиев тағайындалды.

Назарбек Қосшиев 1976 жылы туған. Білімі – жоғары. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология,  2004 жылы экономика факультеттерін бітірген.

Назарбек Төлеуішұлы еңбек жолын телеарнадан бастаған. Атырау облыстық телерадиокомпаниясында бейнемонтаждаушыдан бастап, директордың орынбасарлығына дейін жауапты лауазымдар атқарды. Әр жылдары «Атырау» газетінің бөлім редакторы, облыстық «InterYes» жастар газетінің бас редакторы, «Атырау-Ақпарат» КМК мониторинг және сапа менеджменті бөлімінің басшысы болды. Индер аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы болып қызмет етті.

Мемлекеттік қызмет саласында да үлкен тәжірибесі бар. Бірнеше тарихи, публицистикалық кітаптардың, тарихи-деректі телефильмдердің авторы.

Газеттің осыған дейінгі редакторы Исатай Балмағамбетов «Атырау–Ақпарат» ЖШС директорының кеңесшісі қызметіне ауысты.