Биыл қандастарға қанша квота бекітілді?

Қазақстанның өңірлеріне қандастарды қабылдаудың 2020 жылға арналған квотасы бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17-тамызда №223 «2020 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы» бұйрығы шықты.
Соған сәйкес, 2020 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1 378, ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 4 750 адамға бөлінген.⁩