Экономикада әлсіздік байқалады

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биылғы жарты жылда 7,4 пайызға, ал ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
– Әлемдегі сауданың жалпылай тежелуі тұрғысында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7,4 пайызға төмендеді, – деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беруі барысында.
Еуразиялық экономикалық одақ аясында сыртқы сауда айналымы 10 пайызға төмендеген.

– Соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 пайыздық қарқынмен өсіп, 37,5 трлн. теңгеге жетті. Алайда биылғы жылдың 6 айында ішкі тауар айналымы 6,9 пайызға төмендеп, 14,9 трлн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылы – 16 трлн. теңгені құраған еді. Сонымен қатар, COVID-19 салдарынан сауда саласындағы инвестициялар көлемі 48 пайызға түсіп кетті, – деді министр.