Қоршаудан өтемін деп жараланған

Кеше сағат 17:30 шамасында 1974 жылғы ер адам аяғына қоршаудың темірі кірген күйінде табылды. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.
Зардап шегуші мас күйінде Сәтбаев көшесіндегі 33-үйдің темір қоршауынан өтуге тырысқан кезде тепе-теңдігін жоғалтып, тайып кеткен. Нәтижесінде темірдің ұшы аяғын тесіп өтті.
Оқиға орнына келген «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Жедел-құтқару жасағының» 4 құтқарушысы өз бетінше шыбықты шығару мүмкін еместігін анықтап, осыған байланысты торды кесу туралы шешім қабылдаған.
Құтқарудан кейін жаралы азамат жедел-жәрдем қызметкерлеріне табысталды.