Оқушының мектепке не киетінін ата-анасы шешеді

Оқушылардың мектепке қандай формамен келетінін ата-аналар өздері шешетін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді.
– Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды, – делінген хабарламада.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика мектептерінде педагогикалық кеңестер өтіп жатыр. Онда биылғы оқу жылының ұйымдастырылуына байланысты өзекті мәселелер талқыланып жатыр.