Шөп тиелген «КамАЗ» өртенді

Атырау облысында «КамАЗ» шөп тиелген екі тіркемесімен бірге өртеніп кетті.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-тамыз сағат 17:30 шамасында жүк көлігі екі тіркемесімен бірге өртке оранған.
– Бұл оқиға Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылдық округіне қарасты Тасқұдық елді мекенінің тұсында, өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықта болған. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды сөндіруге кірісті. Өрт салдарынан шөп тиелген екі тіркеме толығымен жанып кетті. Ал «КамАЗ» көлігі ішнара бүлінді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.