Балабақшаларда 337 кезекші топ жұмыс жасауда

Атырау облысында 67 балабақша өз жұмысын қайта бастады. Оның 54-і – мемлекеттік, қалған 13-і – жекеменшік балабақша. Бұл туралы Облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облысы Білім беру басқармасының жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, облыста жалпы саны 207 балабақша бар. Оның 67-сі ашылып өз жұмыстарын бастады. Оларда 2 мыңнан астам баланы қамтыған 337 кезекші топ жұмыс жасауда.
– «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы ашқан «InfoKazakhstan» атты арнайы сайтқа балабақшалар тіркеліп, электронды өтінім жолдайды. Қорытындысы бойынша кезекші топтарды ашу жұмыстары жалғасып жатыр, – дейді ол.