Жаңалықтар
Екпені ең алдымен министр салдыртты
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет. Өйткені коронавирус індеті кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан биыл елімізде вакцинаны жылдағыдан екі…
Толығырақ »Консервіленген балық пен уылдырық өндірісі үш есеге артты
2020 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында дайындалған немесе басқа әдіспен консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылардың өндірісі 3,1 есе өскен. Балықтың үштен екі бөлігіне жуығы, яғни 64,2 пайызы Атырау облысында шығарылады. Биыл аталған өңірден 10 мың тонна балық шығарылған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бірден 40,6 есе көп. Көшбасшылық еткен…
Толығырақ »Суицид жасамақшы болған бойжеткен құтқарылды
Оқиға 11 қыркүйек шамамен 03:40-та Балықшы-Жұмыскер автомобиль көпірінде болған. Өзенге секірмекші болған қызды көрген патрульдік полиция қызметкерлері Өмірзақ Абдолов пен Бердібек Қабиболлаев дереу жанына барып, бойжеткенмен сөйлесіп, бұл ойынан айнытқан. 20 жастағы қыз өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің себебін досымен арадағы келіспеушілік деп түсіндірді.
Толығырақ »15 қыркүйек халықты емханаларға тіркеу басталады
15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында халықты медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу басталады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты. – Тіркеу екі айға созылады. Азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше, емхананы тұрғылықты жерге жақын маңнан таңдауға кеңес береміз. Неге десеңіз, емханаға тіркелген науқастарды…
Толығырақ »Қазақстанда көп сатылған көлік брендтері
2020 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 51 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. Аталған кезеңде ресми дилерлер 51 732 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,1 пайызға жоғары. Биылғы сегіз айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 468,3 млрд. теңге жұмсап,…
Толығырақ »Резидентураға әкімнің 50 гранты бөлінді
Атырау облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті бюджеттен 50 талапкерге резидентура гранты бөлінген. ⠀ Облыс әкімі грантына өтініш берген үміткерлер тізімі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста бекітілді. ⠀ Бақытгүл Хаменованың айтуынша, медициналық қызметкерлер тапшылығы – өңірдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Қазір облыс әкімі Махамбет…
Толығырақ »Ресейде туған Ильин бізде министр болды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Төтенше жағдайлар министрлігіне басшы болып Юрий Ильин тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Ильин Юрий 1968 жылы 9 сәуірде Ресейдің Куйбышев қаласында туған. Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі…
Толығырақ »Атыраудағы ахуал тұрақты
Облыста өткен тәулікте коронавирус індеті ПТР арқылы 6 адамнан анықталып, 4 адам аурудан айығып шықты. Аймақта коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 10 981 болса, жазылып шыққандар – 10 378. Ал көз жұмғандар 59-ға жетті. Және ел бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған…
Толығырақ »Шетелде оқитын қазақстандық студенттер елге ауысты
Бұған дейін шетелде оқыған 2 мыңнан астам қазақстандық студент еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Өзге елдегі жоғары оқу орындарының басым бөлігі оқу жылының басында қашықтан білім беру технологияларын пайдаланса да, кейбірі өз студенттерін оқыту үшін қажетті платформалар ұсына алмаған. Сол студенттерге Қазақстандағы оқу…
Толығырақ »Өндіріс жұмыстарын тоқтатпау керек – облыс әкімі
Биылғы қыркүйекке дейінгі сегіз айдың көрсеткіші бойынша Атырау облысындағы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi – 3,38 триллион теңге. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан өндіріс тоқтамауы керектігін баса айтты. – Бүгінгі таңда короновирус инфекциясын жұқтыру қаупі тұрғындар…
Толығырақ »








