Жаңалықтар
Қазақстанда ірі қара саны көбеюде
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында биыл ірі қара мал басы 5 пайызға өскенін айтты. Оның айтуынша, ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толықтыру үшін мал басын өсіру қамтамасыз етілуде. 2020 жылдың 7 айында ірі қара малының 5 пайызға, ұсақ малдың 2 пайызға, жылқының 9 пайызға өсуі байқалды. Сонымен…
Толығырақ »Масканың шекті бағасы 25%-ға төмендетілді
Елімізде медициналық масканың бағасы 60 теңге болып белгіленді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді.
Толығырақ »Қаруы барлар – қатаң бақылауда
Өткен демалыс күндері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік инспекторлар тұрғылықты жері бойынша және аңшылық алқаптар орындарында азаматтық қаруы бар 35 адамды тексерді. Тексеру барысында қайта тіркеу мен есепке қою тәртібін бұзған 14 дерек пен азаматтық қаруды сақтау және алып жүру бойынша он шақты заңбұзушылық анықталып, 5 қару тәркіленді.…
Толығырақ »Әкім орынбасары мен басқарма басшысы 2 айға қамалды
Атырауда сот аймақ әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысын екі айға тұтқындау туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Сот Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты 2 ай қамауға алу туралы шешімді мақұлдады. Олар тергеу изоляторына қамалды. Атырау облыстық соттың баспасөз қызметінің…
Толығырақ »Оқиға орнынан бой тасалағандар жауапкершілікке тартылды
Атырау қаласы аймағында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 224 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Соңғы аптада қалада осындай 12 іс тіркеліп, оның 3-іне әкімшілік шаралар қолдынылған. 10 қыркүйек сағат 10:00 шамасында Вокзал маңында тұрған «Nissan Almera» маркалы көлік құралын белгісіз автокөлік соғып, оқиға орнынан жасырынған. Алайда полицейлер…
Толығырақ »Сайлауалды пікірсайыс басталды
Праймериздің жария пікірсайысы басталды. Алғашқысы Атырау мұнай өңдеу зауытының қолдауымен аталған мекеменің ғимаратында өтті. Бірінші кезеңде алты кандидат депутат бола қалса жүзеге асыратын өз бастамалары мен бағдарламаларын 5 минут таныстырды. Бұл туралы caspianlife.kz сайты хабарлады. Үміткерлер жастардың білімін дамыту мен жұмыспен қамтылу мәселесі, экологиялық проблемалар мен жемқорлықпен күрес сынды бағдарламаларын…
Толығырақ »Беларусь халқы басылар емес
Беларусь астанасында президент Лукашенкоға қарсы наразылық акциялары жалғасуда. Бейресми дерек бойынша, өткен жексенбіде 100 мыңнан астам адам алаңға шыққан. Өткен аптада оппозиция белсенділері жаппай қамауға алына бастады. Шерушілер оппозицияның үйлестіру кеңесі мүшелеріне, акция кезінде жапа шеккендерге мен азаматтық ұстанымы кесірінен жұмыссыз қалған азаматтарға арнап батырлар маршын орындады. Митинг жергілікті БАҚ…
Толығырақ »Мешіт мейірімділік жасады
«Иманғали» орталық мешіті «Мектепке жол» акциясы аясында 50 шаңыраққа мектепке даярлық құралдарын табыстады. Бұған миллион жарым теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Ал облыс бойынша 235 отбасыға қайырымдылық жасалды. Өтініш бергендердің ішінде «Жусан» операциясымен елге қайтқан бүлдіршіндер де бар. — Жалпы, мешіттерге өтініш білдіріп, мектепке құралдар алып берсеңіздер деп өтініш білдіргендер көп.…
Толығырақ »Атыраулық полицейлер даулы қылмысты ашты
6 қыркүйек күні Жылыой ауданының 1973 жылы туған тұрғыны жылқыларын іздеуге аттанып, із-түзсіз жоғалған. Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыс полиция департаменті мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Бүгін 14…
Толығырақ »Назарбаев мектебі журналистерді құттықтады
Құрылғанына 7 жыл болған Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі БАҚ өкілдерін марапаттады. Баспасөз қызметкерлерімен өткен кездесуде мектеп медиа-клубының мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерт қойды. Марапаттау рәсімін журналистер күнінде, яғни маусымның 28-де өткізуді жосарлаған едік. Алайда сол уақытта карантиндік шектеулер кедергі болғандығы себепті бәрінің басын бүгін қосып отырмыз,-…
Толығырақ »









