Атыраулық полицейлер даулы қылмысты ашты

6 қыркүйек күні Жылыой ауданының 1973 жылы туған тұрғыны жылқыларын іздеуге аттанып, із-түзсіз жоғалған.
Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.
Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыс полиция департаменті мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді.
Бүгін 14 қыркүйек күні полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының нәтижесінде таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған азаматтың мүрдесін тауып, сараптама тағайындалды.
Қылмысқа күдікті бұрын сотты болған 38 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды.
ҚР ҚК-нің 99-бабы адам өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.