Назарбаев мектебі журналистерді құттықтады

Құрылғанына 7 жыл болған Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі БАҚ өкілдерін марапаттады.

Баспасөз қызметкерлерімен өткен кездесуде мектеп медиа-клубының мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерт қойды. Марапаттау рәсімін журналистер күнінде, яғни маусымның 28-де өткізуді жосарлаған едік. Алайда сол уақытта карантиндік шектеулер кедергі болғандығы себепті бәрінің басын бүгін қосып отырмыз,- дейді мектеп директоры.

Құралай Ахмадиева, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: Журналистерді 28 маусымда құттықтай алмадық. Сондықтан оларды бүгін құттықтап, сыйлықтарымызды беріп отырмыз. Әрине, сіздер әрқашан қоғамға дұрыс ақпарат жібересіздер. Қоғаммен байланыста үнемі демеу беріп отырасыздар. Сіздердің кәсіптеріңзге тек қана өрлеу, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.