Ресейде туған Ильин бізде министр болды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Төтенше жағдайлар министрлігіне басшы болып Юрий Ильин тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Ильин Юрий 1968 жылы 9 сәуірде Ресейдің Куйбышев қаласында туған.
Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Құрмет» ордені және 8 мерейтой медалімен марапатталған.
2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.