Консервіленген балық пен уылдырық өндірісі үш есеге артты

2020 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында дайындалған немесе басқа әдіспен консервіленген балық, уылдырық және оны алмастырушылардың өндірісі 3,1 есе өскен.

Балықтың үштен екі бөлігіне жуығы, яғни 64,2 пайызы Атырау облысында шығарылады. Биыл аталған өңірден 10 мың тонна балық шығарылған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бірден 40,6 есе көп. Көшбасшылық еткен аймақтар үштігіне, сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысы кіреді.
Балық, шаянтәрізділер және ұлуларды қайта өңдеу және консервілеу ақшаға шаққанда 13,6 млрд. теңгені құраған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, қазақстандық компаниялар қайта өңделген және консервіленген балық, шаянтәрізділер мен ұлуларға деген сұранысты 62,6 пайызға қамтамасыз етті. Бұл кезеңде өндіріс өткен жылмен салыстырғанда үш еседей, 42 мың тоннаға дейін өскен. Импорт көлемі – 37,4 пайыз, ал экспорт көлемі 16,8 пайыз болды.