Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге тыйым салатын заң қабылданды
Қазақстан парламенті мемлекеттік қызметкерге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым салатын заңды қабылдады. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа арандату туралы ережеге қатысты Сенаттың түзетулерімен келісті. Депутат Жанат Жарасовтың айтуынша, «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент…
Толығырақ »Оқушыларға техникалық құрылғылар алынуда
Атырау облысының оқушыларына 15 мыңнан астам ноутбук, 2 мыңға жуық компьютер, 2,5 мың планшет сатып алынуда. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер мен ноутбуктардың мектептерге жеткізілуіне қоғамдық бақылау жүргізуді қолға алды. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі…
Толығырақ »700-ге жуық жас әскерге аттанады
Атырауда күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 700-ге жуық жасты әскерге шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы майор Айдос Аманғалиевтің айтуынша, әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту алдында міндетті түрде ПТР-тест әдісімен коронавирусқа қарсы зертханалық зерттеу жүргізіледі. Бөлімге келгеннен кейін…
Толығырақ »Қашып жүрген қылмыскерлер ұсталды
Атырау облысы Полиция қызметкерлері жедел шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 57 қылмыскерді ұстады. Биыл наурыз – қыркүйек айларында қылмыс жасағаны үшін айыпталып, сот органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды іздестіру әрі ұстау, сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың жүрген жерін анықтау мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аумағында «Іздестіру» бірлескен іс-шарасы өткізілді. Шара барысында іздеуде жүрген…
Толығырақ »Биыл 1 118 трактор мен 736 комбайн құрастырдық
Биылғы 8 айда отандық кәсіпорындар 1 118 трактор және 736 комбайн құрастырды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Қазақстанда ауыл шаруашылығы машинасын жасау өндірісінің көлемі 2019 жылдың қорытындысында 122,4 млрд. теңгеге жетіп, 1 849 трактор мен 791 комбайн шығарылған. Биылғы 8 айдың қорытындысында отандық кәсіпорындар 20,3…
Толығырақ »Жұқпалы вирустан қорғанудың жолы бар
Пандемия жағдайында тұмау «Сovid-19» жұқпасымен қатарласып өтуі мүмкін. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. №2 Атырау қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Бексана Мағауияның айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпа ауа арқылы таралады. Сондықтан маусымдық жұқпадан ешкім қорғалмаған. Осындай кезде балалардың иммунитетін көтеретін құрамында С дәрумені бар…
Толығырақ »Колледж заманауи техникалармен жабдықталуда
О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі студенттердің оқуы үшін арнайы заманауи техника мен жаңа технологиялармен жабдықталуда. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Өткен жыл Н.Назарбаевтың қолдауымен «Жастар» жылы болып жариялануына байланысты техникалық және кәсіптік білім беру саласында «Жас маман» бағдарламасы жасақталған. Негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім…
Толығырақ »Қаланың 380 жылдығына арналған кітап жарық көрді
Ресейде Қазақстанның Каспий маңы жайлы кітап жарық көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Кітап авторы – Атырауда дүниеге келген прозашы, ақын, тарихшы Валентин Тарабрин. «Там, где Урал впадает в Каспий…» деп аталатын жинақ Қазақстанның Каспий маңы астанасы саналатын Атырау қаласының 380 жылдығына арналған. Жинақта автордың өлеңдері, эсселері, балладалары, поэмалары, әндері мен…
Толығырақ »Құлсарыда соңғы науқастар емделіп шықты
Құлсары қаласында коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды. Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрбек Үкібаевтың айтуынша, пандемия басталғалы бері қауіпті індетті жұқтырған 1078 адам тіркелген. Соған орай ауданда 40 төсектік инфекциялық стационар мен 60 төсекке арналған провизорлық орталық жұмыс істеген. – Енді міне, коронавирусқа шалдыққан соңғы екі пациент…
Толығырақ »Балаларға барлық жағдай жасалған
Атырау облысында балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ және өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты. Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста…
Толығырақ »









