Жаңалықтар
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан…
Толығырақ »«КамАЗ» жүргізушісін іздеу жұмыстары басталды
Атырау облысының Индер ауданында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қыркүйекте «КамАЗ «көлігінің жүргізушісі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала елдімекенінен Атырауға қарай жолға шыққан. Жүргізушінің жасы – 42-де, Атырау қаласының тұрғыны. Көлігімен мал тасымалдаған. Туыстары оның Индер ауданындағы Өрлік ауылдық…
Толығырақ »Жолдағы өлім саны азайған
Атырау облысында 8 айда жол апатынан 39 адам мерт болды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бергі 8 айда 159 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 199 адам жарақат алып, 39 адам көз жұмған. Жүргізушілердің көлік жылдамдығын арттыруын, жол-көлік оқиғаларының санын…
Толығырақ »Кардиоорталықтан КВИ жұқтырған 600-ден астам науқас емделіп шықты
Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделді. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облыстық кардиоорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиеваның мәліметінше, қауіпті індет өршіген кезде кардиоорталықта 12 орындық провизорлық стационар жұмыс істеген. Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбейген маусым айында дәрігерлер құрамы түгелдей жұмылдырылып, жұмыс эпидемиологиялық жағдайға…
Толығырақ »Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Қор «Индустриялық даму» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының қаржы операторы – «ДБ-Лизинг» АҚ базасында құрылды. Қор өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік беріп, оларды 3%-дан аспайтын…
Толығырақ »Әкім жағалаудың жаңа келбетімен танысты
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қоғам белсенділері және жауапты сала мамандарымен бірге Атырау қаласындағы Жайық өзені жағалауын абаттандыру жұмысымен танысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Жағалауды абаттандыру жұмыстары «НКОК» компаниясының қаржыландыруымен Бейбарыс көпірінен Жастар саябағына дейін жүргізілуде. Қаланың еуропа бөлігіндегі 7,86 гектар аумақты қамтыған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүретін аумақтың…
Толығырақ »Оралға 1 тоннадан астам бекіре балығын жеткізбекші болды
Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам бекіре балығы мен қара уылдырық тәркіледі.Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде Атырау – Орал тасжолы бойында «Toyota Land Cruiser» көлігін ұстады. Оның ішінен 345 дана бекіре балығы мен салмағы 200 грамм қара уылдырық анықталып, тәркіленді.…
Толығырақ »Облысқа 371 түп ағаш отырғызылды
Биыл Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» шарасы өтті. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады. Ағаш отырғызу акциясына бас имамдар, жамағат және еріктілер атсалысты. Шара аясында Атырау облысына 341 түп ағаш отырғызылды. – Осы 30 жылдың ішінде көптеген іс атқарылып келеді.…
Толығырақ »Атырауда жаңа зауыттың салынуына қарсылық пайда болды
Атырау облысында газ өңдеу зауытының салынуына қоғам белсенділері наразы. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Аталған алып кешен қаладан 60 шақырым, ал Мақат ауданынан 12 шақырымдай қашықта орналасады. Сондықтан олар халықтың денсаулығына зиян келуі мүмкін деп алаңдап жатыр. Бірақ жергілікті атқарушы органдар бұл жобаның ешқандай зияны жоқ, керісінше, экономикамызды арттыруға үлесі зор…
Толығырақ »Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 130 мыңға жуық шағым түскен
Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға жуық шағым түскен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди бүгінгі мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Статистикаға тоқталсақ, биылғы 8 айда тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бойынша 130 мыңға тарта өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 2,5 мыңы бойынша қылмыстық іс…
Толығырақ »









