Кардиоорталықтан КВИ жұқтырған 600-ден астам науқас емделіп шықты

Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделді. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облыстық кардиоорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиеваның мәліметінше, қауіпті індет өршіген кезде кардиоорталықта 12 орындық провизорлық стационар жұмыс істеген. Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбейген маусым айында дәрігерлер құрамы түгелдей жұмылдырылып, жұмыс эпидемиологиялық жағдайға негізделген. Бүгінге дейін орталықтан короновирус жұқтырған 600-ден астам науқас емделіп шықты.