Жаңалықтар
Қазақстан мұнайының 55 пайызы Атырауда өндіріледі
Соңғы 10 айда Атырау облысында 39 млн. 300 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслиқатында мәлімдеді. – Облыстың жалпы өңірлік өнімі осы жылдың қаңтар-маусымында 3 трлн. 930 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі – 102,2 пайыз. Ал республиканың жалпы ішкі…
Толығырақ »Жаңа жинақ жарыққа шықты
Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жаңа «Мәңгілік тағзым» атты 2 томдық құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті. Аталмыш шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов кітаптың тұсауын кесіп, редакциялық алқа мен құрастырушыларға ризашылықтарын білдірді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы…
Толығырақ »Карантин талабын 8-ші рет бұзып жұмысын жалғастырған
Атырау полицейлері мобильдік топ құрамында карантин режимін бірнеше рет бұзған мейрамханалар мен караоке клубтарды анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Карантин талаптарын үшінші мәрте бұзып отырған «Китайка» мейрамханасының ішінде 20-ға жуық адам, ал «Баку» мейрамханасында 15-тен астам адам болған. Сондай-ақ, мобильді топ барғанда «Рыба моей мечты» караоке…
Толығырақ »Құрманғазыдағы жаңа орталық аурухана да пайдалануға берілді
Құрманғазы ауданында жаңа орталық аурухана пайдалануға берілді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. 75 орындық жаңа типті ауруханада бес бөлім жұмыс істейді. Перзентхана, хирургия, балалар бөлімшесі, инфекциялық және жалпы терапия бөлімдері салаға қажетті соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталуда. Ал жұқпалы аурулар бөлімшесі өз алдына жеке ғимаратта. Сонымен бірге, жедел…
Толығырақ »4 жылда 1,3 млн. адам жұмысқа орналасқан
4 жылға жуық уақыт ішінде «Еңбек» бағдарламасына 2,4 млн. қазақстандық қатысқан. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 1,3 млн. адам орналастырылып, уақытша жұмыспен қамтылған 580 мың адамның жалақысын мемлекет субсидиялаған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 400 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік курстардан және кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті.…
Толығырақ »«Еңбек» бағдарламасына 547 млрд. теңге бөлінді
«Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 4 жыл ішінде 547 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Біржан Нұрымбетовтың мәліметінше, мұның барлығы нақты мақсатқа қарастырылған қаржы. Сәйкес қаражаттың 83%-ы қатысушыларға несиелер, гранттар, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілгендерге жалақы, қоныс аударушыларға көшуге және тұрғын үйді жалға беруге субсидия түрінде,…
Толығырақ »Аяғы автобустың астында қалды
Бүгін сағат 10:00 шамасында «Авангард» шағынауданының соңғы аялдамасында 1970 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Ankai» маркалы маршруттық автобусы бұрылу кезінде жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті. Салдарынан 1959 жылғы азаматша «Жедел жәрдем» дәрігерлерімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ЖКО бойынша құжаттар жинақталуда.
Толығырақ »10 пайыздық салықты кейін төлеуге болады
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алған кезде 10% табыс салығын зейнетке шыққаннан кейін бөліп төлеуге рұқсат етіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Сенат Салық кодексіне тиісті түзетулерді қабылдап, құжатты мәжіліске қайтарды. Қолданыстағы заңға сәйкес, зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алған азамат 10% жеке табыс салығын төлеуі тиіс. Сенат депутаттары бұл…
Толығырақ »3000-нан астам адам портал арқылы көмек алды
3 мыңнан астам адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарын алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 2020 жылдың 1 қазанынан бастап aleumet.egov.kz порталы арқылы АӘК алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық ұсыну бойынша жоба іске асырылуда. Әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері пилоттық…
Толығырақ »Білім жүйесі «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшеді
2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы білім беру ұйымдарының барлығы «Цифрлы бухгалтерия мен қаржы» жүйесіне көшуді бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз парақшасында жазды. Оның сөзінше, жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. – Бұл – маңызды…
Толығырақ »









