Аяғы автобустың астында қалды

Бүгін сағат 10:00 шамасында «Авангард» шағынауданының соңғы аялдамасында 1970 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Ankai» маркалы маршруттық автобусы бұрылу кезінде жаяу жүргіншінің аяғын басып кетті.
Салдарынан 1959 жылғы азаматша «Жедел жәрдем» дәрігерлерімен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ЖКО бойынша құжаттар жинақталуда.