Жаңа жинақ жарыққа шықты

Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жаңа «Мәңгілік тағзым» атты 2 томдық құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті.
Аталмыш шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов кітаптың тұсауын кесіп, редакциялық алқа мен құрастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы мемлекеттік Архивының архив құжаттары негізінде жарыққа шығарған «Мәңгілік тағзым» екі томдық құжаттар жинағына 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Атырау облысының саяси-экономикалық, әлеуметтік, әскери, рухани-мәдени өмірі туралы архив құжаттары мен Атырау облыстық және қалалық, аудандық архив қорларындағы жеке тектік қорларда сақталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құжаттары енген.