4 жылда 1,3 млн. адам жұмысқа орналасқан

4 жылға жуық уақыт ішінде «Еңбек» бағдарламасына 2,4 млн. қазақстандық қатысқан. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 1,3 млн. адам орналастырылып, уақытша жұмыспен қамтылған 580 мың адамның жалақысын мемлекет субсидиялаған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
400 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік курстардан және кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті.
– Бағдарлама бойынша 122 мың адамның кәсіпкерлік бастамалары қолдау тапты – олар несиелер мен гранттар алды, өз ісін ашып, қосымша 45 мың жұмыс орнын құрды. Осы бағдарламаның арқасында жұмыссыздар саны 11%-ға, өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың үлесі 40%-ға азайды. Тек негізгі мектеп білімі бар адамдар саны 2 есе төмендеді, – деді министр Біржан Нұрымбетов.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау есебінен «Еңбек» бағдарламасының шағын және орта бизнес саласындағы жұмыспен қамтудың өсуіне қосқан үлесі – 11%.