Басты ақпарат
Отыз млн. теңгенің дәрісін тегін таратпақ
Атырау облысы әкімдігі 30 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін 3000 отбасыға тегін үлестірмек. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. — Біздің басты мақсатымыз — ең алдымен, ауырып қалған әлеуметтік әлжауаз топқа жататын жандарды дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету. Өңірлік «Біз біргеміз» қорымен бірлесіп 30 млн. теңгеге жуық қаражатқа ең қажетті препараттар алынып,…
Толығырақ »Карантинге қарайтын ел байқалмайды
Атырау облысында бір аптада карантин режимі 334 рет бұзылған. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Қатаңдатылған карантин басталғалы Атырау облысында санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингтік топ рейтдік іс-шараларды күнделікті жүргізіп жүр. 11-17 шілде аралығында Атырау қаласы мен жеті ауданда ұйымдастырылған рейд барысында бір аптада 334 карантин режимін бұзу анықталды.…
Толығырақ »Дәрігерлерді қолдау акциясы
Атырауда «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы басталды Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады. 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырына айналған абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру бұл акцияның негізгі мақсаты.⠀ Аталмыш шара аясында еріктілер 500-ден астам денсаулық себетін дайындаған. Ол аудандарға да жеткізілетін болады.…
Толығырақ »Коронавирус пен пневмония бірге есептеледі
Қазақстанда пневмониямен ауырғандар КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. – Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке…
Толығырақ »3,7 млн. теңгені бюджетке қайтарды
Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірдің туристік логотипін жасау конкурсынан бас тартып, оған бөлінген 3,7 млн. теңгені бюджетке қайтаруға шешім қабылдады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ҚР Үкіметінің туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Облыстың туристік логотипін жасау» қызметі қарастырылған. Ондағы мақсат — өңірдің…
Толығырақ »Жол апатынан төрт адам қаза болды
Атырау–Орал тасжолында «Toyota Camry» автокөлігі аударылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жол-көлік апаты бүгін сағат 00:30 шамасында Атырау–Орал тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде болған. — 1999 жылы туған азамат рөлге ие бола алмағандықтан көлік аударылған. Оқиға салдарынан екі адам сол жерде қаза…
Толығырақ »Фактчекингке арналған сайт ашылмақ
Фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату екендігін жариялайтын www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсы іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді. Сайттағы «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы…
Толығырақ »Марапат марқұмдардың туыстарына табысталды
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов марқұм болған төрт медицина қызметкерінің туыстарына мемлекеттік награданы табыстады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығына сәйкес, атыраулық марқұм болған төрт медицина қызметкері мен коронавирус инфекциясына қарсы күресте жанқиярлық көрсеткен бірқатар дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.…
Толығырақ »Дәрі бәріне жеткілікті болады
Шілденің 14-інен 15-іне қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Кеше Үкіметтің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізіліп, 3 тонна көлеміндегі препараттар «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл әкелінді. Енді осыған дейін тапшы болып келген 15 түрлі дәрі-дәрмек дәріханаларға…
Толығырақ »Атырауда ауа ластануының себебін анықтайды
Атырауда ауадағы күкіртсутегі концентрациясының шектен тыс артуына кінәлілер белгілі болды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тұрғындар шағым айтқан қаладағы жағымсыз иіс пен күкіртсутегінің иісі «Су Арнасы» компаниясының қаладағы тазартылмаған суларды ағызуымен, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының қалдықтарымен байланысты болып шықты. — Экология министрлігі…
Толығырақ »









