Жол апатынан төрт адам қаза болды

Атырау–Орал тасжолында «Toyota Camry» автокөлігі аударылып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жол-көлік апаты бүгін сағат 00:30 шамасында Атырау–Орал тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде болған.
— 1999 жылы туған азамат рөлге ие бола алмағандықтан көлік аударылған. Оқиға салдарынан екі адам сол жерде қаза тапса, көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық ауруханаға жетіп көз жұмды. Қазір тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.