Басты ақпарат
Карантин тамызға дейін созылады
Қазақстанда карантин 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. — Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуына қатысты жағдай күрделі. Денсаулық сақтау Министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден…
Толығырақ »Оқушылар мен студенттер қыркүйекте де қашықтықтан оқиды
Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқиды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Үкімет отырысындағы сөзінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ең бастысы – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді. — Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің…
Толығырақ »Үкімет елге тағы да 42 500 теңге таратпақ
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында хабарлады. – Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы – өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет. Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық…
Толығырақ »Атырау облысына 108 медицина маманы келмек
Атырау облысындағы күрделі жағдайды тұрақтандыру үшін аймаққа медицина қызметкерлері келеді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау министрлігі Атырау және Маңғыстау облыстарындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін өңірлерге вирусолог, дәрігер-инфекционист, реаниматолог, пульмонолог сынды мамандардан тұратын бірнеше топ медицина қызметкерін жібереді. Сондай-ақ, олардың қатарында ресейлік дәрігерлер де…
Толығырақ »Атырауға дәрі жеткізіліп жатыр
Атырауға аса қажетті дәрі-дәрмектің тағы да ауқымды топтамасы жеткізілді. Бұл туралы Атырау коммуникациялар қызметі хабарлады. Алматыдан кеше жеткізілген медициналық препараттардың 470 түрі бүгіннен бастап қаладағы дәріханаларға таратылады. Аудандарға жеткізу сәрсенбі мен жұма аралығына жоспарланып отыр. Фармацевтикалық компания директоры Светлана Липатованың айтуынша, жұма күні Алматыдан Атырауға коронавирустан емдеуге арналған препараттар келеді.
Толығырақ »Бүгін – Тәуелсіздік тарихындағы тоғызыншы Аза тұту күні
Бүгін – Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбандарын еске алуға байланысты – Жалпыұлттық аза тұту күні. Атырау уақытымен 11:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. Еліміздегі жағдайға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім етіп, келесі күні тиісті өкімге…
Толығырақ »Үкімет Үндістаннан үміт күтеді
Қазақстанға 80 тоннадан астам дәрі жеткізілмек. Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, бұл — мұнайлы өлкеге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың онлайн брифингтегі сөзі. — Бүгін Алматы қаласына дәрі-дәрмектің бірінші рейсі келді және бүгін екінші ұшақ та жетеді. Яғни, бұл — жалпы салмағы елу тонна болатын препарат. Жеткізілген…
Толығырақ »«Корона-такси» қызметі пайда болмақ
Атырауда «корона-такси» қызметі іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облысына үкіметтік комиссияны бастап келген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен онлайн-брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық ұйымдарда 41 жедел жәрдем автокөлігі жұмыс істеуде. Бұл сан әлі де толықтырылып, коронавируспен күрес жүргізу бағытында бірқатар…
Толығырақ »Жер шетелдіктерге сатылмайды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы уақытқа дейін игерілмеген 12,8 млн. гектар жердің 7 млн. гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн. гектар игерілмеген жердің…
Толығырақ »Тағы 150 млрд. теңге бөлінеді
Коронавируспен күреске Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады. – Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды…
Толығырақ »









