Жер шетелдіктерге сатылмайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы уақытқа дейін игерілмеген 12,8 млн. гектар жердің 7 млн. гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
– Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн. гектар игерілмеген жердің 7 млн. гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек, – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтып өтті.
– Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, – деді Президент.