Тағы 150 млрд. теңге бөлінеді

Коронавируспен күреске Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.
– Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету, – деді ол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс жүйесі арқылы өтті