Атырауға дәрі жеткізіліп жатыр

Атырауға аса қажетті дәрі-дәрмектің тағы да ауқымды топтамасы жеткізілді. Бұл туралы Атырау коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматыдан кеше жеткізілген медициналық препараттардың 470 түрі бүгіннен бастап қаладағы дәріханаларға таратылады. Аудандарға жеткізу сәрсенбі мен жұма аралығына жоспарланып отыр. Фармацевтикалық компания директоры Светлана Липатованың айтуынша, жұма күні Алматыдан Атырауға коронавирустан емдеуге арналған препараттар келеді.