Үкімет Үндістаннан үміт күтеді

Қазақстанға 80 тоннадан астам дәрі жеткізілмек. Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, бұл — мұнайлы өлкеге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың онлайн брифингтегі сөзі. 

Бүгін Алматы қаласына дәрі-дәрмектің бірінші рейсі келді және бүгін екінші ұшақ та жетеді. Яғни, бұл жалпы салмағы елу тонна болатын препарат. Жеткізілген дәрі-дәрмектер бірінші кезекте коронавирус инфекциясын емдеуге бағытталған. Дәрі-дәрмектер ертең, арғы күндері барлық аймақтарға таратылады. Сенбі күні 35 тонна дәрі Үндістанның астанасы Нью-Делиден жеткізіледі. Сондай-ақ, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы Өзбекстаннан дәрі жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл дестрибюторлық компаниялар арқылы дәрі жеткізу мәселесіне байланысты. Қазіргі таңда Атырау облысында дәрі-дəрмекпен қамту 94 пайызды көрсетіп отыр. Дегенмен бұл жағдай жіті бақылауда болады, деді Ералы Тоғжанов.