Басты ақпарат
Карантин қайта енгізілсе жұмыссыздарға 42 500-ден көп төленуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың мәлімдеуінше, карантин кезеңінде жұмысынан айырылғандарға төленетін төлемнің мөлшерін көбейту туралы ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Еңбек министрі карантин қайта енгізілсе, ол көп адамның жұмысынан уақытша айырылуына, сәйкесінше кірістерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін де атап өтті. – Осыған байланысты біз жедел…
Толығырақ »Қазақстанда өлім жазасы жойылды
23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан…
Толығырақ »«КамАЗ» жүргізушісін іздеу жұмыстары басталды
Атырау облысының Индер ауданында «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қыркүйекте «КамАЗ «көлігінің жүргізушісі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала елдімекенінен Атырауға қарай жолға шыққан. Жүргізушінің жасы – 42-де, Атырау қаласының тұрғыны. Көлігімен мал тасымалдаған. Туыстары оның Индер ауданындағы Өрлік ауылдық…
Толығырақ »Жолдағы өлім саны азайған
Атырау облысында 8 айда жол апатынан 39 адам мерт болды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бергі 8 айда 159 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 199 адам жарақат алып, 39 адам көз жұмған. Жүргізушілердің көлік жылдамдығын арттыруын, жол-көлік оқиғаларының санын…
Толығырақ »Кардиоорталықтан КВИ жұқтырған 600-ден астам науқас емделіп шықты
Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделді. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облыстық кардиоорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиеваның мәліметінше, қауіпті індет өршіген кезде кардиоорталықта 12 орындық провизорлық стационар жұмыс істеген. Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбейген маусым айында дәрігерлер құрамы түгелдей жұмылдырылып, жұмыс эпидемиологиялық жағдайға…
Толығырақ »Оралға 1 тоннадан астам бекіре балығын жеткізбекші болды
Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам бекіре балығы мен қара уылдырық тәркіледі.Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде Атырау – Орал тасжолы бойында «Toyota Land Cruiser» көлігін ұстады. Оның ішінен 345 дана бекіре балығы мен салмағы 200 грамм қара уылдырық анықталып, тәркіленді.…
Толығырақ »Облысқа 371 түп ағаш отырғызылды
Биыл Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» шарасы өтті. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады. Ағаш отырғызу акциясына бас имамдар, жамағат және еріктілер атсалысты. Шара аясында Атырау облысына 341 түп ағаш отырғызылды. – Осы 30 жылдың ішінде көптеген іс атқарылып келеді.…
Толығырақ »Атырауда жаңа зауыттың салынуына қарсылық пайда болды
Атырау облысында газ өңдеу зауытының салынуына қоғам белсенділері наразы. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Аталған алып кешен қаладан 60 шақырым, ал Мақат ауданынан 12 шақырымдай қашықта орналасады. Сондықтан олар халықтың денсаулығына зиян келуі мүмкін деп алаңдап жатыр. Бірақ жергілікті атқарушы органдар бұл жобаның ешқандай зияны жоқ, керісінше, экономикамызды арттыруға үлесі зор…
Толығырақ »Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге тыйым салатын заң қабылданды
Қазақстан парламенті мемлекеттік қызметкерге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым салатын заңды қабылдады. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа арандату туралы ережеге қатысты Сенаттың түзетулерімен келісті. Депутат Жанат Жарасовтың айтуынша, «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент…
Толығырақ »Оқушыларға техникалық құрылғылар алынуда
Атырау облысының оқушыларына 15 мыңнан астам ноутбук, 2 мыңға жуық компьютер, 2,5 мың планшет сатып алынуда. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер мен ноутбуктардың мектептерге жеткізілуіне қоғамдық бақылау жүргізуді қолға алды. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі…
Толығырақ »









