Аймақ
Ксенон «көзді» көліктерге – айыппұл
Өткен апта облыс орталығында «Ксенон» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп, ондаған көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылған еді. Олар – көліктерінің жарық беретін қондырғыларын алып тастап, орнына Ксенон, лед лампаларын тағып алып, жол қозғалысы қауіпсіздігін ережелерін бұза отырып өзгелерге апатты жағдай тудыратындар. Жедел шара аяқталғанмен, полицейлер күнделікті патруль кезінде ксенон таққандарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Патрульдік…
Толығырақ »Нұрсаяда 7 үй жылусыз қалды
Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсая–2 ықшамауданында жылу құбыры жарылып, ыстық су ағып кеткен. Сол себепті 7 үйге жылу беру ажыратылды. – Қазір жылу желісіндегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 вакуум, 1 манипулятор тартылды. Суды сору екі вакууммен жүзеге асырылады. Қалпына келтіру жұмыстары 3 сағатта аяқталады, – деп…
Толығырақ »Балалар ойын алаңы көбеюде
Атырау қаласында балалар ойын алаңдарының саны артты. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында айтты. Оның мәліметінше, қала тұрғындарының, ПИК және облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының ұсыныстарына байланысты, облыс орталығының 5 көп қабатты тұрғын үй аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Аталған жоба негізінде 6 аяқ…
Толығырақ »Жылыойда наркологиялық есепте бір үйден 2 бала тұр
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде айтылды. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіровтің мәліметінше, қазіргі уақытта Жылыой ауданы бойынша полиция есебінде 9 кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Бақытгүл Хаменова…
Толығырақ »Облыстық әкімдік 20 млн. теңгеге екі көлік сатып алды
Мемлекеттік сатып алу сайтында Атырау облысы әкімдігінің 20 миллион теңгеге екі жол талғамайтын көлік сатып алғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Атырау жедел штабы топтарының дайындық деңгейін арттыру үшін 19 696 429 теңгеге 2 жол талғамайтын көлік сатып алынды. Көліктерді сатып алуға қаражат Атырау…
Толығырақ »«Жасыл ел» еңбек маусымын қорытындылады
Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XVI маусымының жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Мерекелік жиынға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова маусым бойы белсенділік танытып, үздіктер қатарынан көрінген бір топ жасты «Үздік жоба», «Үздік командир», «Үздік медиа маман», «Үздік штаб», «Үздік жұмыс беруші», «Жыл серпіні»,…
Толығырақ »Атыраулық жас баскетболшылар – чемпион
13–16 қараша күндері Түркістан облысында 23 жасқа дейінгі жастар арасында 3-3 баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми парақшасы хабарлады. Саламат Тургаев бастаған атыраулық команда жарыс жеңімпазы атанды. Жартылай финалда баскетболшыларымыз Алматы облысының құрамасын 15:14 есебімен ұтса, ақтық сында Қостанай жастарын 14:11 есебімен жеңді.…
Толығырақ »Түнде қараусыз жүрген 131 жасөспірім ұсталды
12–14 қараша күндері облыс аумағында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлері, ұрлық қылмыстары үшін бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы сот үкімін орындаудан қашып, іздестіруде жүрген 2003 жылы туған жасөспірімді ұстады. Үш күн бойы жүргізілген жедел шара кезінде ата-аналар тарапынан 147 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Олардың 14-і…
Толығырақ »Өткен аптада 400 000 теңгеге жуық айыппұл өндірілді
Атырауда «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара аясында өткен аптада айыппұл төлемей жүрген жүргізушілердің 46 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ал 23 автокөлік иесінен 392 349 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Тұраққа қойылған көліктердің 37-сі –Ресейден, бесеуі – Армения елінен әкелінген. Сондай-ақ, Азаттық даңғылы бойында 10 рет жол қозғалысы ережесін бұзған ресейлік…
Толығырақ »Атырауда тағы 14 адамнан коронавирус анықталды
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Науқастардан індет ПТР арқылы расталды. Қауіпті дертке шалдыққандардың 3-еуі – Атырау қаласынан, 10-ы – Теңіз кенішінен, біреуі – Исатай ауданынан. Науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ, өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Толығырақ »









