Атыраулық жас баскетболшылар – чемпион

13–16 қараша күндері Түркістан облысында 23 жасқа дейінгі жастар арасында 3-3 баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми парақшасы хабарлады.
Саламат Тургаев бастаған атыраулық команда жарыс жеңімпазы атанды.
Жартылай финалда баскетболшыларымыз Алматы облысының құрамасын 15:14 есебімен ұтса, ақтық сында Қостанай жастарын 14:11 есебімен жеңді.
Атырау облысы құрамында Жәңгір Балғымбаев, Ілияс Жүнісов, Асқар Табешов және 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушысы Ерқанат Қайрошев ойнады.