Атырауда тағы 14 адамнан коронавирус анықталды
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Науқастардан індет ПТР арқылы расталды.
Қауіпті дертке шалдыққандардың 3-еуі – Атырау қаласынан, 10-ы – Теңіз кенішінен, біреуі – Исатай ауданынан.
Науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр.
Сондай-ақ, өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.