Нұрсаяда 7 үй жылусыз қалды

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсая–2 ықшамауданында жылу құбыры жарылып, ыстық су ағып кеткен. Сол себепті 7 үйге жылу беру ажыратылды.

– Қазір жылу желісіндегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 4 вакуум, 1 манипулятор тартылды. Суды сору екі вакууммен жүзеге асырылады. Қалпына келтіру жұмыстары 3 сағатта аяқталады, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.