Балалар ойын алаңы көбеюде

Атырау қаласында балалар ойын алаңдарының саны артты. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында айтты.
Оның мәліметінше, қала тұрғындарының, ПИК ​және облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының ұсыныстарына байланысты, ​облыс орталығының 5 көп қабатты тұрғын үй аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Аталған жоба негізінде 6 аяқ доп алаңы, 11 балалар ойын алаңы, 8 спорттық-жаттығу алаңы және 24 ересектер отыратын алаң орнату қарастырылып, тозығы жеткен бір аяқ доп алаңы мен үш балалар ойын алаңы ауыстырылған.

– Биыл 100 балалар ойын алаңын ағымдық жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықтау мақсатында ашық конкурс жариялаған еді. Алайда пандемияның бірінші толқынында жарияланған төтенше жағдайға байланысты құрылыс жұмыстарындағы қиындықтар салдарынан​ қаражат бюджетке кері ​қайтарылды, – деп нақтылады Самат Емберген.