Аймақ
Жәрмеңкеде 168 тонна өнім сатылды
13 қараша күні «Сарайшық» базарының алдында жергілікті өнім өндірушілер және шаруа қожалықтарының қатысуымен дәстүрлі жәрмеңке өтті. Мерекелік жәрмеңкеге облыстың барлық ауданынан 62 кәсіпкер келді. Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Дәулетовтың айтуынша, кезекті жәрмеңке ауылшаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен. Сондай-ақ, шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысты. Бұл…
Толығырақ »Сәулет-құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Ринат Джанглишов тағайындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Ринат Джанглишов 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірсе, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін мұнай-газ…
Толығырақ »Спортшылар мен бапкерлер марапатталды
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түрлі деңгейдегі сайыстарда жеңіске жеткен атыраулық бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Марапатталғандар қатарында футболдан ҚР чемпионатының Бірінші Лига ойындарында жеңіске жеткен «Атырау» футбол клубы, алтыншы мәрте ҚР Кубогінің иегері атанған «Атырау» волейбол клубы, 5–8 қараша күндері Сербия Республикасының…
Толығырақ »Қылмыстық топ келтірген зиян 5 миллиард теңгеден көп
Былтыр шілдеде Мемлекет басшысы Үкімет пен құқық қорғау органдарына қорықшылардың құқықтарын күшейту және браконьерлерге жазаны күшейту мен қылмыстық әрекеттерін тоқтату туралы заңнаманы қайта қарауды тапсырды. Бұған Қарағанды және Ақмола аумағындағы «Охотаоопром» инспекторларының браконьерлердің қолынан болған қайғылы өлімі себеп болды. Президенттің тапсырмасын орындау барысында 2019 жылдың тамыз айында ҰҚК департаментімен елдің…
Толығырақ »Кеше 14 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың 5-еуі – Атырау қаласынан, 8-і – Индер ауданынан, ал Исатай ауданынан 1 адам тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған біреуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде. Кеше аймақта коронавирус инфекциясынан…
Толығырақ »Облыстағы құрылыс жұмыстарына 692 млрд. теңге жұмсалды
Атырау облысында жыл басынан бері 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты. – Құрылыс жұмыстарының көлемі 692 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 104,3 пайызды көрсетті. Республикадағы өңірдің үлес салмағы – 19 пайыз. Жыл басынан бері облыста 615 мың шаршы метр тұрғын үй…
Толығырақ »6 000 гектар жер көгалданады
Атырау өңірін көгалдандыру жұмыстарына келесі жылдан бастап ірі мұнай-газ компаниялары жұмылдырылады. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында айтты. – Келесі жылдан бастап орман қоры мен елді мекендердің жерін қоса алғанда 6 мың гектарды көгалдандыру және көшет отырғызу жұмыстарына ірі мұнай-газ компанияларын тартуды…
Толығырақ »4 100-ден астам адам қатерлі ісікке шалдыққан
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәліметінше, Атырау облысында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны – 4 100-ден астам. – Оның үш мыңнан астамы емдеуден өтті. Ауруға қарсы күрес ұймдастыру бағытында қазір рентген аппараттары, цифрлық момографтар, КТ-аппараттары, МРТ-аппараттары бір жүйеге қосылды. Бұл жүйе онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, науқасты дер уақытында емдеуге мүкіндік береді,…
Толығырақ »Өңірде 21 461 адам жұмыспен қамтылды
Атырау облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 461 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. – Тұрғындарды жұмыспен қамту – біздің басты мақсатымыз. Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 461 адам жұмыспен қамтылды. Оның 1 706-сы мамандықтар бойынша…
Толығырақ »Атырау балықтарының 81 пайызы шетелге экспортталады
Облыс басшысы Махамбет Досмұхамедовтың мәліметінше, бүгінде балық шаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір облыста 18 өндірістік кәсіпорын балық аулаумен және оны өңдеумен айналысады. 10 айда 7 300 тонна балық ауланып, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім көрсеткен. Ауланған балықтың 81 пайызы өңделіп, шетелдерге экспортталады. Және ол жақтарда таныла бастаған. Бекіре…
Толығырақ »









