6 000 гектар жер көгалданады

Атырау өңірін көгалдандыру жұмыстарына келесі жылдан бастап ірі мұнай-газ компаниялары жұмылдырылады. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында айтты.
– Келесі жылдан бастап орман қоры мен елді мекендердің жерін қоса алғанда 6 мың гектарды көгалдандыру және көшет отырғызу жұмыстарына ірі мұнай-газ компанияларын тартуды жоспарлап отырмыз. Көгалдандыру жұмыстары 3 жылдан 10 жылға дейін деп отырмыз. Ол барлық аудандарда жүргізіледі. Бұл жыл сайын 100 мыңға дейін көшет отырғызуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, біз Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, өңірдің экологиялық өзекті проблемаларын шешу жөніндегі жол картасын әзірледік, – деді аймақ басшысы.