Спортшылар мен бапкерлер марапатталды

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түрлі деңгейдегі сайыстарда жеңіске жеткен атыраулық бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Марапатталғандар қатарында футболдан ҚР чемпионатының Бірінші Лига ойындарында жеңіске жеткен «Атырау» футбол клубы, алтыншы мәрте ҚР Кубогінің иегері атанған «Атырау» волейбол клубы, 5–8 қараша күндері Сербия Республикасының Нови-Сад қаласында самбодан өткен әлем чемпионатында жастар арасында «әлем чемпионы атанған Абылайхан Мейрамбекұлы, жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Еркебұлан Қуанғалиев бар.

Байрақты бәсекелерде өңірдің атын шығарып, ел намысын қорғап жүрген спортшылар мен олардың бапкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.