Сәулет-құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Ринат Джанглишов тағайындалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Ринат Джанглишов 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірсе, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін мұнай-газ ісі маманы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде аға тергеуші болып бастаған.

2019 жылдың қараша айынан бастап қазірге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.