Әлем - 16.11.2020

Майя Санду – Молдованың жаңа президенті

Молдовадағы президент сайлауында Майя Санду жеңіске жетті. Бұл туралы Еuronews хабарлады.

Елдің ОСК мәліметтері бойынша, Еуропалық әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі 57%-дан астам дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы Игорь Додон шамамен 42% дауыс жинады.

– Бүгін біз молдавандардың ғажайып ынтымақтастығына куә болдық. Дағдарысқа, мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік пен әділетсіз үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, көп адам дауыс беруге келді, – дейді жаңа сайланған президент.