Аймақ
Құрманғазы 100 пайызға жуық табиғи газбен қамтылған
Құрманғазы ауданы «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистарльдық газ құбырына қосылған. Аудан бойынша газ желісінің ұзындығы – 983,8 шақырым. Бүгінде Құрманғазы ауданындағы 49 елдімекеннің 48-і табиғи газбен қамтылған. Бұл 98 пайызды көрсетеді, – деді Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев онлайн брифингте.
Толығырақ »Құрманғазы ауданы 7 дәрігермен толықты
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлімдеді. ⠀ Оның хабарлауынша, биыл ауданның емдеу мекемелері жеті маманмен толығып, бұрын дәрігері болмаған Сафон, Жаңаталап ауылдық округтері жоғары білімді медицина қызметкерімен қамтамасыз етілді. ⠀ Олардың ішінде гастроэнтеролог, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, педиатр және 2 терапевт…
Толығырақ »Облыста 112 адам коронавирустан емделіп шықты
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 112 адам коронавирустан емделіп шыққан. Қазіргі таңда КВИ-нан 249 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 78, аудандағы инфекциялық стационарларда – 13, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 321 адам ем қабылдауда. Сондай-ақ, кеше облыста 74 адам коронавирус індетін…
Толығырақ »4000-ға жуық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан сағат 11:00 шамасында жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Вокзал маңы ықшамаудандағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның жерге темекі тұқылын лақтырып жібергенін байқаған. 32 жастағы азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «ортақ пайдалану орындарын ластау» бойынша 6 945 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік…
Толығырақ »Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты орынына Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда…
Толығырақ »600 орындық мектеп есігін ашты
Атырау қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында Самал ықшамауданындағы 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген жалпы білім беретін №29 орта мектептің лентасын қиып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. – Еліміздің бас мерекесі қарсаңында қаламыз тағы бір білім беру…
Толығырақ »Мектепте инклюзивті кабинет ашылды
Атырау қаласындағы Боран Нысанбаев атындағы орта мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш мектепте ерекше білімді қажет ететін 6 оқушы оқиды, олардың әрбіріне педагог-ассистент қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, дефектолог, логопед, психолог, кабинет жетекшісі штаттары ашылған. Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатына облыс әкімінің…
Толығырақ »Тағы бір заңсыз сәлемдеменің жолы кесілді
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 желтоқсан күні тергеу изоляторында ет пен картоп салынған шелектің түбіне жасырып, шөп тәріздес затты өткізбек болған 20-жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол бұл сәлемдемені денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, кісі өлтіргені үшін уақытша ұсталып отырған құрдасына өткізбек болған. – Ыстық тамақтың…
Толығырақ »144 пәтердің кілті табысталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының Береке шағынауданда салынған үйлердің пәтер кілттері табыс етілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. 144 пәтер «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көпқабатты тұрғын үйден берілді. Баспаналы болғандардың басым көпшілігі мемлекет қамқорлығы санатына жататын аз…
Толығырақ »Бірнеше қоғамдық көліктің қызметі қайта жанданбақ
Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жылдан бастап төмендегі маршруттардың қызметі жанданады. • №3 маршрут, Атырау ықшамауданы – «Дина» сауда орталығы • №15 маршрут Сарыкамыс-2 ықшамауданы – Мұнайшы ықшамауданы • №30 маршрут Жеңіс Саябағы – Тұрғын үй қалашығы • №62 маршрут Қара өзек ықшамауданы – «Дина» сауда орталығы 15 желтоқсаннан бастап…
Толығырақ »









