Құрманғазы ауданы 7 дәрігермен толықты

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлімдеді.

Оның хабарлауынша, биыл ауданның емдеу мекемелері жеті маманмен толығып, бұрын дәрігері болмаған Сафон, Жаңаталап ауылдық округтері жоғары білімді медицина қызметкерімен қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде гастроэнтеролог, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, педиатр және 2 терапевт бар.
Сондай-ақ, бұрын болмаған гастроэнтеролог штаты ашылған.