Бірнеше қоғамдық көліктің қызметі қайта жанданбақ

Атырау қалалық әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жылдан бастап төмендегі маршруттардың қызметі жанданады.
• №3 маршрут, Атырау ықшамауданы – «Дина» сауда орталығы
• №15 маршрут Сарыкамыс-2 ықшамауданы – Мұнайшы ықшамауданы
• №30 маршрут Жеңіс Саябағы – Тұрғын үй қалашығы
• №62 маршрут Қара өзек ықшамауданы – «Дина» сауда орталығы
15 желтоқсаннан бастап Самал және Самал-2 ықшамаудандарын қамту мақсатында №22 маршруттың қозғалыс реті қайта қарастырылып, ұзартылады. Сондай-ақ, енді №65 маршрут Сая ықшамауданы арқылы қатынайтын болады