Облыста 112 адам коронавирустан емделіп шықты

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 112 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Қазіргі таңда КВИ-нан 249 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 78, аудандағы инфекциялық стационарларда – 13,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 321 адам ем қабылдауда.
Сондай-ақ, кеше облыста 74 адам коронавирус індетін жұқтырған.

Дертке шалдыққандардың 5-еуі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 65 жұмысшы,  Индерден – 1, Құрманғазы ауданынан 3 адам тіркелген.

Олардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде.

Облыс бойынша жасақталған 1 225 орындық инфекциялық стационардың 412-сінде науқастар ем алуда.