Әлем - 20.12.2020

Ауруханадағы өрттен 10 адам қаза тапты

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Түркияның оңтүстігінде орналасқан Газиантеп қаласындағы ауруханадан өрт шығып, соның кесірінен 10 адам көз жұмды.

Тілсіз жау Газиантеп қаласының университет госпиталіндегі коронавирус сырқаттарын емдейтін интенсивті терапия бөлімінен шыққан.
Онда оттегі аппараты істен шығып, соңы қызыл жалынға ұласқан.
Оқиға орнынан 8 адамның денесі табылды.
Кейіннен Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа өзінің Twitter парақшасында өрттен қаза тапқандар саны 10-ға жеткенін жазды.

Ауруханада ем алып жатқан пациенттер басқа медицина мекемелеріне ауыстырылған.

Өрт аз уақыттың ішінде ауыздықталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде.