4000-ға жуық тұрғын жауапкершілікке тартылды

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан сағат 11:00 шамасында жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Вокзал маңы  ықшамаудандағы көпқабатты үйдің ауласында ер адамның жерге темекі тұқылын лақтырып жібергенін байқаған.
32 жастағы азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 434-2-бабы «ортақ пайдалану орындарын ластау» бойынша 6 945 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетсек, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің осы бабы бойынша 4000-ға жуық адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 500-ге жуық адам бұл құқықбұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.