Аймақ
Сайлау күні өңірде 23 сәби дүниеге келді
Сайлау түнінен түске дейінгі аралықта Атырау облысы бойынша 23 нәресте дүние есігін ашты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Оның 13-і – ұл, 10-ы – қыз бала. Дәрігерлер «аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы» деп отыр. Жас ананың бірі Атырау облысы, Исатай ауданының тұрғыны Шынар Төлеуішова бүгінгі қуанышын…
Толығырақ »Итті азаптаған жүргізуші ұсталды
Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көше бойымен сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралуда. Әлеуметтік желілерде видео жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері ондағы жүргізушіні іздестіре бастаған. Полиция өкілінің мәліметінше, аталған факт бойынша Атырау тұрғыны, яғни автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Толығырақ »Қайта әлеуметтендіру орталығына 7 адам орналастырылды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жаңа жылдық мереке күндері Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды күшейтті. Ауа райының салқындығына байланысты, учаскелік полиция қызметкерлері жылу трассаларын, жертөлелер, базарлар мен теміржол вокзалдарын тексерді. Мысалы, 4 қаңтар күні учаскелік полиция инспекторлары аумақтарды аралау кезінде, Авангард…
Толығырақ »Метанмен жүретін автобустар жолға шықты
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-нің қаржысына экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға лас шығарынды шығармайтын 160 жаңа автобус сатып алынған. – Жаңа автобустардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында автопарк аумағында оңтүстіккореялық компрессорлармен қамтылған метан газын құю бекеті бой көтерді. Жаңа газ құю бекеті толық автоматтандырылған. Өндіруші тарап бекеттің…
Толығырақ »Атырау облысы – «қызыл» аймақта
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Матрицаға сәйкес, кеше, 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді. Алайда бүгінгі мәлімет «қызыл» аймаққа Атырау облысының енгенін хабарлап отыр. Сонымен қатар, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы,…
Толығырақ »50-ге жуық хабарлама – отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Атырауда демалыс күндері 102 операторына отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 50-ге жуық хабарлама түскен. – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың негізгі фактілері спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану, жұбайын өзіне бағындыру, қызғану салдарынан, отбасылық қатынастағы өзге де даулы себептерден туындайды. Көбіне азаматтық некедегі немесе дәм-тұзы жараспай ажырасқан жұбайлары үйлеріне келіп, жанжал шығарады,…
Толығырақ »Кеше өңірде 101 адамнан коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген болса, Теңіз кенішінен 78 жұмысшы, Жылыойдан – 2, Құрманғазы ауданынан 12 адам тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы…
Толығырақ »Сушидан уланған жылыойлықтардың жағдайы белгілі болды
Атырау облысының Жылыой аудандық орталық ауруханасына 28 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында тамақтан улану шағымымен 43 науқас түскен еді. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта оның 38-інің жағдайы жақсарып үйлеріне шығарылды. – Бес күнде аудандық ауруханаға 43 тұрғын улану шағымымен түскен болатын. Барлығында жүрек айну, құсу,…
Толығырақ »Оқушы өсімдіктен бояу алудың жаңа тәсілін тапты
Атыраулық 9-сынып оқушысы Айнұр Мұратова өсімдіктерден бояу алудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Айнұр Мұратова Махамбет ауданындағы Қосарал орта мектебінде оқиды. Ол «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысқан. Байқауда «Табиғи индикатор алу және қолдану» тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 1-орынды…
Толығырақ »Көлік нөмірін бетпердемен жасырған жасөспірім ұсталды
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жасырып жүргізген 16 жастағы жасөспірім анықталды. 4 қаңтар күні түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көше қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық бетпердемен жауып қойған маркасы «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде, автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының…
Толығырақ »









